Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Туберкулез – қауіпті ауру

 

Туберкулезді оның өзіне тән қоздырғышы туберкулез микобактериясы (ТМБ) ауа-тамшы жолымен таратады. Көп жағдайда өкпе зақымданады, алайда басқа кез келген ағзада туберкулездің пайда болуы мүмкін. Туберкулез жұқпасының жұғуы көзі туберкулезге шалдыққан науқас пен оның бөлетін қақырығы болып табылады. 
ТМБ микроорганизмі қоршаған ортада аса тұрақты болып келеді. Ол суықтан және аса жоғары температурадан мүлдем қорықпайды, шаңда, топырақта, қарда, мұзда ұзақ уақыт сақталады. Тіпті сүйек туберкулезінің белгілері бар египет мумияларының Кохтың тірі таяқшасын бөлген оқиғалары белгілі.
Бұл қоздырғыштың басты ерекшелігі туберкулездің ежелгі кесел болуына байланысты оның адамға, адамның оған жақсы бейімделуінде. Иммундық жүйесі мықты адамдардың организміне туберкулез таяқшасы түскенімен, дерт дамымайды. Тек жұқпаланғандардың оннан бірінде ғана туберкулез өзін көрсетеді.
Ағзаның ТМБ-мен зақымдануы елеулі өлшемге жеткенде адам дімкәстанып, онда 2-3 аптадан астам уақытқа созылған жөтел, түнге қарай көп терлеу, әлдің құруы, еш себепсіз арықтау, яғни салмақтан айрылу, 2 аптаға және одан да ұзаққа созылған 37оС-ге дейінгі және одан жоғары температураның болуы мүмкін. Кейбір оқиғаларда қан тастау, кеуденің шаншып ауыруы, ентігу байқалады.
Бұл белгілердің бірнешеуін өзінде аңғарған адамның туберкулезге тексерілуі үшін тұрғылықты мекен-жайдағы учаскелік терапевтке міндетті түрде көрінуі қажет.   
Мен жұмыс істейтін туберкулездік аймақта 2014 жылы алғаш рет туберкулезбен ауырған науқастар саны - 13, оның ішінде өкпе туберкулезімен ауырған адам саны – 10 болды. Өкпеден тыс туберкулезбен 3 адам диспансерлік арнайы есепке алынды. 43 адам белсенді топта есепте тұр, оның ішінде 26 адам бактерия бөлуші, туберкулездің мультирезистентті түріне, яғни дәріге төзімді формасына шалдыққандар саны - 28. 

Гаухар Ибрагимқызы ИБРАГИМОВА,
№8 аймақтың мейірбикесі,
Қалалық туберкулезге қарсы диспансер

Сурет haqqin.az сайтынан алынды

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (02.04.2015)
Просмотров: 1073 | Теги: туберкулез, Гаухар, ТМБ, ибрагимова | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]