Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Туберкулез науқастарын анықтау шаралары

Туберкулезге шалдыққан науқастарды анықтаудың бірнеше жолдары бар. Олардың бірі дәрігерге қаралған кезде тікелей анықтау. Төмендегі пациенттер ең бірінші кезекте туберкулезге тексерілуге жатады:
- қабынулы бронх-өкпе кеселдерінің белгілері барлар;
- қақырық бөлумен бірге жүретін ұзаққа созылған жөтел (2-3 аптадан астам);
- қан түкіру және өкпеден қан кету белгілері болғанда;
- тыныс алумен сабақтас кеуде клеткасындағы ауырулар;
- 2-3 аптадан астам уыттану (интоксикация) белгілері барлар: дене температурасының көтерілуі, әлсіздік, көп терлеу, әсіресе түнгі мезгілде, жүдеу.
Барлық емдеу-алдын алу мекемелерінде тыныс алу ағза кеселдерінің симптомдарында мыналар атқарылады:
- клиникалық тексеру;
- лабораториялық зерттеу, қақырықты үш рет микроскоппен қарау;
- кеуде клеткасының ағзаларын рентгендік тексеру (оңды нұсқа сандық флюорографияны қолдану).  

Гүлсін Әмірханқызы ӘЖІКЕЕВА,
химизатор,
“Отбасылық денсаулық орталығы”,
Шиелі ауданы

Сурет www.cherinfo.ru сайтынан алынды

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (25.03.2015)
Просмотров: 734 | Теги: сандық флюорография, қақырықты тексеру, туберкулезді анықтау, гүлсін, әжікеева | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]