Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Туберкулез аса қорқынышты және қауіпті

Туберкулездің жұқпалы ауру екені бәріне белгілі. Ең бастысы, туберкулезге тыныс алу жолдары, оның ішінде өкпе жиі шалдығады. Туберкулез науқастың отбасына үлкен қайғы-қасірет, ал мемлекетке экономикалық шығын әкелуде. Егер дер кезінде дәрігерге көрініп, емін алып отырса туберкулезге шалдыққандар бұл кеселден толық айығып шыға алады. Туберкулез таяқшалары ауру адамнан жөтелгенде, түшкргенде бөлініп, ауада бірнеше сағат бойы жерге түспей қалықтап тұрады. Соған сәйкес туберкулездің ашық (жұқпалы) түрімен ауыратын адам ұзақ уақыт нашар желденетін орында, адамдар көп жиналатын жерде (жиын-тойлар, көпшілікті таситын көліктер, жатахана, абақты) болса, онда сол жердің ауасына туберкулез таяқшалары көптеп тарайды, демек ауру жұқтыру қауіпі ұлғаяды. Ауа тамшыларымен қоса тұрмыстық заттарды бірлесіп пайдалану, мысалы тойға барғанда бір қол орамалға барлығымыздың қол сүртуіміз,бір шынаяқтан су ішуіміз, сүйісіп амандасуымыз, бір шылымды бөлісіп шегуіміз туберкулездің жұғуына жол ашады.
Егер туберкулездің ашық түрімен ауыратын науқас адам дер кезінде емделмесе, онда ол 1 жылда 10-12 адамға туберкулезді жұқтырады.
Туберкулезді жұқтырғандардың қашан ауыратынын анықтау мүмкін емес. Бірақ нашар тамақтану, қосымша аурулар (АИТВ/ЖИТС, қант диабеті, асқазан , ішек жарасы, зоб) және зиянды әдеттер, жүйкенің жұқаруы, суыққа тоңу, ауыр титықтататын жұмыс, құнарсыз тамақтану туберкулезбен ауыруға қолайлы жағдай тудырады.

Калия Куандыковна УСЕНОВА,
мейірбике,
№3 өкпе терапиясы бөлімшесі,
облыстық туберкулезге қарсы диспансері

Сурет polisorb.ru сайтынан алынды

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (19.01.2015)
Просмотров: 996 | Теги: АИТВ/ЖИТС, туберкулез, калия, усенова | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]