Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Туберкулез әр кезде қауіпті ме?

Көбісі туберкулезге шалдығу ұят нәрсе деп ұғынып, олармен тек асоциалды адамдар ауырады деген қате ұғымда болады. Бұл шындыққа жанаспайды. Әрине, жақсы тамақтанатын, қалыпты жағдайда өмір сүретін адамдардың туберкулезге шалдығуы өте сирек. Алайда, бақуатты адамдардың да организмінің қорғаныс күштері төмендеуі мүмкін. Мысалы, бастан өткерген немесе созылмалы аурудан, күшті стресстен, гормондармен ұзақ емделуден кейін. Бұл жағдайға Кох таяқшасымен жұқпаланған адамның дертке шалдығуы әбден мүмкін. Сондықтан, оңай кете қоймайтын жөтелді туберкулезбен байланыстырмау, елемеу дұрыс емес. Аталған дерттің болу мүмкіндігін есте ұстаған жөн.
Туберкулездің жабық формасы айналасындағыларға кесел жұқтыра алмайды, өйткені оның қақырығында кесел қоздырғыштары жоқ. Оған дәрігердің бақылауы және емі де қажет, бірақ мұны ол үйде жүріп те жасай алады. Ең қауіптісі туберкулездің ашық түрі – бұл жағдайда микобактериялар сыртқы ортаға бөлінеді.

Өміркүл Қалдыбекқызы БИМҰРАТОВА,
мейірбике
“Шиелі аудандық туберкулезге қарсы диспансері” КММ

Сурет nebolet.com сайтынан алынды

 

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (11.03.2015)
Просмотров: 800 | Теги: бимұратова, туберкулездің қауіпі, өміркүл | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]