Кариес сөзі латыншадан аударғанда “шіру” дегенді білдіреді. Сондай-ақ бұл сөз аталған кеселдегі тістің жағдайын толық сипаттайды.
Кариес тісті мұқият, ыждағатты тазаламағаннан, құрамында қанты бар тағамды тұтынудан пайда болады.
Тісжегінің алдын алу ең алдымен, дұрыс тағамданудан, ауыз қуысына гигиеналық күтім жасаудан, стоматолог дәрігерге тұрақты қаралудан басталады. Ауыз қуысына сауатты гигиена жүргізу үшін тісті күніне 2 рет 3-5 минут бойына тазалап (таңғы және кешкі астан кейін) одан соң ауызға арналған шайғышты қолдану қажет.
Одан басқа жылына 1-2 рет стоматологта тістерді сауатты тазартудан өткізген жөн. Сондай-ақ стоматолог дәрігер фиссураларды тығыздайды (герметизациялайды). Фиссуралар бұл артқы тістердің шайнау беттері. Олар нашар тазаланады және кариеске барынша бейім келеді. Фиссураларға арнайы герметизациялаушы материалдар толтырылып, нәтижесінде тістің шайнау беті барынша тегіс және тісжегіден қорғалған болады.
Гулнар МУСТАФИНА,
мейiрбике,
"облстомполиклиника" РМК
Сурет allon4.ru сайтынан алынды
|