Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


ТИРЕОТОКСИКОЗ

Тиреотоксикоз – бұл оның білінісі қандағы Т3 және Т4 гормондарының артуына байланысты болатын көп этиологиялы синдром.
Себептері: жұқпалар, күннің артық әсері (инсоляция), ауыр эмоционалдық стресс. 
Тиреотоксикоздың клиникалық біліністерінде мынадай белгілер болады. Науқастар кейде жаңғалақтанып, мазасызданады, тез сөйлейді, ызақор, өкпелегіш, көз жасына тез ерік береді, алаңдаулы, кейде нашар ұйықтайды – бұл катехоламиндердің миға артық әсерімен сабақтас.
Науқастың шағымдары: 
1. жылуға тұрақтылығының (толеранттығының) азаюы. Оларға әрқашан ыстық. Шеткі вазодилятация (қан тамырының кеңеюі) – ыстыққа бейімделу – тершеңдік. Терісі ыстық, ылғалды. 
2. ішкі дірілдеу сезімі мен қолдың дірілі (алға созылған қолдардың, жұмылған көздегі қабақтың ұсақ дірілі).   
3. бұлшықет жүйесінде анық білінетін әлсіздік тиреотоксикалық миопатияларға жетелейді.
4. жүрек-қан тамыр жүйесінде науқастардың 99%-інде тахикардия болады, сырқаттар жүрек қағуын сезінеді. Жүрек соғысының жиілігі 90-нан 150 соғуға дейін жетеді. Қан қысымы өзгереді (160/60 және 140/50 ммсынбағ).
5. қарын-ішек жолдары тарапынан науқастың дене салмағы азаяды, тәбеті жақсы болғанымен, жиі стул (тәулігіне 2-ден 10-15 ретке дейін) байқалады. Емінің консервативті және хирургиялық болуы мүмкін. 

Лаззат Курбановна АКИМОВА,
мейірбике,
“Аманкелді” бөлімшесі,
“Амбулаториялық-емханалық қызметі бар
Сырдария аудандық ауруханасы” ШЖҚ МКК,
Сырдария ауданы

Сурет mamochki-detishki.ru сайтынан алынды

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (04.04.2015)
Просмотров: 1179 | Теги: шеткі вазодилятация, Тиреотоксикоз, акимова, миопатиялар, лаззат | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]