Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Тік ішек обыры (рагі)

Тік ішек обыры (рагі) барлық обырлық кеселдердің шамамен 4-5%-ін иеленеді. Бұл адам ішегіндегі ең жиі орналасу (локализация). Дерт дамуының шыңы 40-60 жасқа келеді, дегенмен оның жастау кезде де ұшырасуы мүмкін.
Тік ішектің рак алды дерттеріне тік ішек полиптері, диффузды полипоз, созылмалы проктиттер, проктосигмоидиттер, ерекшеліктік емес ойық жаралы колит, аноректалдық жарықтар, ойық жаралар және т.б. жатады.
Тік ішек обырының ең жиі белгілері:
- қан кету (ішектен қан ағуларының қарқындылығы шарт бойынша аздау, көбіне ол нәжістегі алқызыл жұғынды ретінде көрінеді).
- іш қату, нәжіс пен газдарды ұстамау, іштің кебуі, дефекацияға жалған шақырыстар.
- тік ішек аумағындағы ауыртпалық.
- жүдеу, тері жамылғыларының бозаруы.
- науқастардың хәлінің бұзылуы (жалпы әлсіздік, тез шаршау).
- қаназдық (анемия). Сырқат өз бойынан бұл белгілерді байқағанда онколог дәрігерге қаралуы тиіс.  

Дуйсенкул Мунайтбасовна АГИМБАЕВА,
эндоскопиялық кабинет мейірбикесі,
«облыстық онкологиялық орталық» МКҚК
 

Сурет www.medpulse.ru сайтынан алынды

 

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (03.04.2015)
Просмотров: 3073 | Теги: белгілері, дуйсенкул, агимбаева, тік ішек обыры (рагі) | Рейтинг: 3.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]