Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Темекінің зиянды тұстары

Әрбір сигарет қорабында темекінің адам денсаулығына тигізер зиянды әсері жазылып, қорқынышты суреттер салынғанымен шылымқорлар мұны байқамауға және елемеуге тырысады. Дегенмен табак тіпті аздаған дозада адам денсаулығының жай-күйіне теріс әсер береді. Шылымқор адамды тіпті сыртқы түріне қарап оңай тануға болады – терісі сарғайған, ауыздан жағымсыз иіс шығады, тістерінің бәр сау емес.
Еркектерде темекі тарту потенцияны төмендетеді. Сигаретке құмарту нәтижесінде толықтай белсенділік азаяды, шаршау артады, нашар көңіл-күй байқалады, организм көптеген кеселдерге бейім келеді. Темекіге тәуелділік 90% оқиғада өкпе рагін, 20% шамасында басқа онкологиялық дерттерді, 70%-тен астам оқиғаларда – созылмалы бронхит пен өкпе эмфиземасын, 25% оқиғада жүректік-қан тамырлық кеселдерден өлім жағдайын шақырады.
Шылымқорлардың өз уақытынан 10 жыл бұрын дүниеден өтетіні дәлелденген дерек. Егер тұрғындар темекіден бас тартса, онда еркектердің өмірі - 6 жылға, әйелдердің өмірі – 3 жылға ұзарған болар еді.  

Кумискул Абдреевна ЖАБАГИЕВА;
мейірбике,
№5 наркологиялық бөлімше,
“облыстық наркологиялық орталығы” ШЖҚ МКК

Сурет progrees.ru сайтынан алынды

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (14.04.2015)
Просмотров: 1579 | Теги: зияны, темекі тарту, жабагиева, кумискул | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]