Адам денсаулығына әсер ететін әлеуметтік факторлардың 50%-і адамның тегіне, 20%-і қоршаған ортаның әсерлеріне, 20%-і тұқым қуалайтын қасиеттерге, тек 10%-і ғана денсаулық сақтау жүйесінің жұмысына байланысты. Дұрыс тамақтанбау көптеген ауруға шалдықтыратын басты себептердің бірі болы есептеледі.
Соңғы жылдары өмір сүру салтының өзгеруіне байланысты ел арасында жұқпалы емес аурулар (жүрек-қан тамыр аурулары, диабет, семіздік, анемия, зоб, ісіктің кейбір түрлері және т.б) саны көбейді. Бұған бой алдырмас үшін тамақ ішу тәртібін бұзбай, күнделікті рациондағы негізгі қоректік заттармен биобелсенді заттардың организмге қажетті үйлесімділігін сақтай отырып, тиімді тамақтану қажет. Тез дайындалатын тағамдармен тамақтанбаған жөн. Тамақтану тәртібінің тағы бір маңызды элементтерінің бірі – тамақтың қайда ішілетіні, тазалығы және т.б. Негізгі тағамдарды ішу арасында тәтті тағамдарды жемеу керек, өйткені бұлар ас қорыту жұмысының жүйесін бұзады.
Адамның күнделікті тиімді тамақтануға қажетті тағам түрлерін төмендегідей топтарға жіктеуге болады. Оның алғашқысына құрамында ағзаға қажетті ақуыз, май, көмірсу, дәрумендер мен минералды тұздары бар сүзбе, сүт, қаймақ, айран, ірімшік, құрт, құрғақ сүт, қаймақты балмұздақ, қымыз, шұбатты енгізуге болады. Екінші топқа өте пайдалы ақуызға бай еттер, балық түрлері мен жұмыртқа жатады. Бұлардың құрамында ақуыздан өзге майлар, көмірсу, дәрумендер, минералды тұздар жеткілікті мөлшерде болуы керек.
Калия Куандыковна УСЕНОВА,
мейірбике,
№3 өкпе терапиясы бөлімшесі,
облыстық туберкулезге қарсы диспансері
Сурет www.miss-wellness.ru сайтынан алынды
|