Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Суға кетудегі шұғыл көмек

Суға кету – дененің сұйыққа толық батуында дамитын жедел патологиялық жағдай. Мұнда тыныс алудың анатомиялық жүйесі бүтін сақталғанымен ауалық ортамен газ алмасу толықтай тиылады.
Суға кетудің:
- бірінші реттік (шынайы немесе “ылғалды”);
- асфиксиялық (“құрғақ”);
- екінші реттік түрлері болады.
Бірінші реттік суға кетуде сұйық тыныс алу жолдары мен өкпеге енеді, одан соң қанға түседі.
Суға кетудің асфиксиялық типінде су тыныс алу тесіктерін жауып және сумен кеңірдектің рецепторлары тітіркеніп тұрақты спазмы пайда болып, оттегілік ашығу белгілері туындайды.
Екінші реттік суға кету 15-25% оқиғаларды қамтиды, көбіне әйелдер мен балаларда пайда болады.
Мұнда жүректің және тыныс алудың кенеттен, рефлекторлық тоқтауы туындайды.
Шұғыл көмек
- ауыз қуысын және мұрынды құмнан, лайдан, балдырлардан, құсық массаларынан тазарту;
- өкпені және асқазанды судан арылту;
- егер зардап шегушіде тыныс алу сақталса, оны жылытады және тыныштандырады;
- зардап шегушінің ессіз жағдайында, бірақ тыныс алуы мен тамыр соғуы сақталғанда: денесін қысқан киімнен босатады, мүсәтір спиртін иіскетеді және тыныс алуды белсенді қылу үшін бүйіріне жатқызады;
- есін жоғалтқан және тыныс алу мен қан айналу бұзылыстары бар зардап шегушілерге алдымен тыныс алу жолдарын және асқазанды сұйықтан босатып, тез арада өкпенің жасанды желдендіруін және жүректің жанама массажын жасайды.   
   
 

Дамир Шарапатович БАТИШЕВ,
фельдшер,
“Апаттар медицинасының темір жол госпитальдары” АҚ-
“Қызылорда темір жол ауруханасы”

Сурет www.apteka.uz сайтынан алынды

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (12.04.2015)
Просмотров: 818 | Теги: түрлері, Дамир, батишев, шұғыл көмек, суға кету | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]