Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Суға кетудегі алғашқы көмек

Суға кетудің үш түрі болады:
- бірінші реттік (шынайы, ылғалды);
- асфиктикалық (құрғақ);
- екінші реттік (судағы өлім).
Бірінші реттік немесе шынайы суға кету оқиғалардың жалпы санының 75-95%-ін құрайды. Тыныс алу жолдарында сұйықтың болуымен сипатталады. Зардап шегушінің терісінің түсі – көкшіл.
Асфиктикалық суға кету 5-20% оқиғада кездеседі. Ол кеңірдектің бұлшықеттерінің жиырылуына және өкпеге ауаның келуінің тоқтауына байланысты болады. 
Екінші реттік суға кету мұздай суда жүректің бірінші реттік тоқтауымен сабақтас. Зардап шегушінің терісі - боз.
Шынайы суға кетудегі алғашқы көмек:
- зардап шегушіні ішімен көмекшінің санына жатқызады;
- кеуде клеткасын шұғыл итеру қозғалысымен 10-15 рет қысады (тыныс алу жолдарынан сұйықты алып тастау үшін);
- тыныс алу жолдарын тазартады;
- реанимациялық шараларды өткізеді. 

Асия Танирбергеновна АХМЕТОВА,
мейірбике,
“Қызылорда қалалық дәрігерлік жедел жәрдем” стансасы

Сурет dic.academic.ru сайтынан алынды

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (27.03.2015)
Просмотров: 1085 | Теги: түрлері, асия, алғашқы көмек, суға кету, ахметова | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]