Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Стоматологиядағы зиянды әдеттер

Стоматологияда тістерді тазарту сияқты пайдалы әдеттердің бар екені белгілі. Мұны ата-аналар мақсатты тәрбие арқылы өз балаларының бойына сіңіреді.
Сондай-ақ зиянды әдеттер де болады. Мысалы баланың түнде тыныш, мазаны алмай ұйықтауы үшін оған тәтті қосылған суы бар құтыны емізігімен бірге береді. Нәтижесінде тісжегісі және ашық тіс тістеуінің бұзылысы пайда болады. Саусақ сору әдеті негізінен басқа зиянды әдеттерден жиі кездеседі. Көбіне ол жасанды қоректендірілетін балаларда болады. Ол емізіктен немесе емшектен айырғанда туындайды.
Балалар саусақты ұйықтар алдында да, оянғаннан кейін де, зиянды әдет бойына сіңгеннен соң күні-түні сорады. Бұл кезде жоғарғы жақтың алдыңғы тістері алға жылжып ашық тіс тістеулері пайда болады. Саусақты ұзақ және қарқынды сорғанда кейде жақтардың өсіп дамуы бұзылады. Сондай-ақ бұл дене бітісінің ауытқуына да жетелейді – бас алға еңкейіп, омыртқаның мойын бөлігіндегі өзгерістер пайда болады.
Сонымен қатар астыңғы жақты алға жылжыту, ауызды ашып ұйықтау, емізікті ұзақ сору сияқты зиянды әдеттер кездеседі.
Мұндай әдеттер болғанда баланы жазаламай, мамандарға (дәрігер ортодонт, бала психотерапевті және ЛОР дәрігері) көрсетіп, олармен бірлесіп баланы зиянды әдеттерден арылту қажет.

Кункияш Сергазина ИЗМАГАМБЕТОВА,
мейірбике,
“облыстық тіс емханасы” РММ

Сурет clubulbebelusilor.ro сайтынан алынды

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (07.04.2015)
Просмотров: 1131 | Теги: ашық тіс тістеуі, измагамбетова, кункияш, зиянды әдеттер | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]