
Бұл кеселді шақыратын бірнеше факторлар болады. Олардың кез келгені немесе бірнешеуі бірден әр түрлі ауырлықтағы стоматитке жетелеуі мүмкін.
- лаурилдік натрий сульфаты (ЛНС) бар тіс пасталары мен ауызға арналған тазартқыштар. Зерттеулер көрсеткендей ЛНС көбік түзеу үшін тіс пастасына және тазартқыштарға қосылатын зат стоматиттің пайда болуына жиі жетелейді.
- механикалық жарақат. Қандай да бір жарақаттан соң стоматиттің түзілетіні белгілі.
- эмоционалдық стресс (психикалық стресс) те ойық жараның пайда болуының себептерінің бірі.
- теңдестірілмеген тағам.
- кейбір тағамдық азық-түліктер мен заттарға аллергия және жоғары сезімталдық стоматиттің пайда болуына ықпал етеді.
- гормоналдық өзгерістер. Кейбір әйелдерде стоматиттің пайда болуы мен етеккір кезеңінің белгілі бір фазасының арасында байланыс бар.
- кейбір зерттеушілердің деректері бойынша стоматитке генетикалық бейімділік анықталған.
Сондай-ақ химиотерапияның қосымша әсері, никотин мен алкогольді шектен тыс тұтыну, ауыз қуысының жеткіліксіз гигиенасы, сапасыз әзірленген немесе дұрыс орнатылмаған тіс протездері де стоматиттің пайда болуына себепкер.
Кункияш Сергазина ИЗМАГАМБЕТОВА,
мейірбике,
“облыстық тіс емханасы” РММ
Сурет vashyzuby.ru сайтынан алынды
|