Стоматиттің өз бетінше жеке кесел болуы да, сондай-ақ басқа: скарлатина, тұмау, қызылша және с.с. білінісі болуы да ықтимал. Стоматитпен көбіне балалар ауырады.
Ауыз қуысының шырышты қабығының кеселдерін жалпы атаумен – стоматит деп атайды.
Егер ауыз қуысының барлық шырышты қабықтары емес, тек жеке телімдері – тіл, ерін немесе таңдай зақымданса, онда сәйкесінше глоссит, хейлит және палатинит делінеді.
Стоматиттің пайда болуының жергілікті себептеріне жарақаттану, химиялық, термикалық, сәулелік әсер ету жатады. Нәтижесінде қызару, жалақ (эрозия), ойық жара пайда болады.
Клиникалық біліністері бойынша стоматиттерді: катаралды, ойық жаралы, афтозды деп бөледі.
Стоматитпен тұрғындардың 20%-і ауырады.
Алдын алу
Ауыз қуысының жарақаты стоматиттің туындауына жетелейтіндіктен, мұндай түрдегі жарақаттанудан сақтану аса қажет. Сынған тіс, дөрекі немесе бүлінген пломбалар, өткір ұшы бар тістер болғанда стоматологқа қаралған абзал. Тісті мәсуекпен (щеткамен) абайлап, бірақ мұқият тазалау керек.
Алмакуль Касымбековна ЖУМАНОВА,
мейірбике,
“облыстық тіс емханасы” РММ
Сурет razvitiedetei.info сайтынан алынды
|