Стенокардия – жүректің ишемиялық ауруының біліністерінің бірі.
Стенокардияның негізгі белгісі жүрек аумағындағы (төстің артындағы) сығып ауыру. Көбіне нитроглицерин дәрісін қабылдағаннан кейін жойылады.
Ұстама кезіндегі күтім
- күтімді байыпты және асықпай жасау қажет.
- ұстама кезінде сырқатқа толық тыныштық қамтамасыз етіледі. Сырқаттан қажет емес қимылдарды жасамау сұралады. Бөлмеден ерекше толқулы және қатты мазаланулы, қозып сөйлеуші және ұдайы көптеген кеңес беруші адамдар шығарылады.
- Науқас адамды жатқызу керек.
- Оған босаңсып, байыпты бір қалыпты және толық дем алу туралы нұсқау беріледі.
- Бөлмеге таза (бірақ салқын емес) ауаның келуін қамтамасыз ету.
- Сырқатқа тіл астына салуға 1 таблетка нитроглицерин беріледі немесе оның спирттік ерітіндісінің 1-3 тамшысы бір түйір қантқа тамызылады.
- Алаңдатушы процедураларды жасау ұсынылады (жүрек тұсына қыша қою, сол қолын ыстық суға батыру).
- Егер нитроглицеринді қайта қабылдағанда ауыру кетпесе “Жедел жәрдем” шақырылып және электрокардиограмма түсіру ұйымдастырылады.
Кульзипа Сактапбергеновна ЕСИРКЕПОВА,
мейiрбике,
“Қазақ республикалық лепрозорийі” РММ
Сурет kardialgia.ru сайтынан алынды
|