Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Стенокардиядағы мейірбикелік тактика

Стенокардия ұстамасының болуын дәлелдейтін мейірбикеге қажет ақпараттар:
- науқас жүректің ишемиялық кеселінен (ЖИК) жапа шегеді немесе миокард инфарктін (МИ) бойдан кешірген
- көбіне сол қолға, иыққа, жауырынға, кейде жақтың төменгі бөлігіне, эпигастралды аумаққа таралатын (иррадиацияланатын) төс астындағы қысу, жиыру сипатындағы ұстамасы түріндегі ауыру.
Мейірбике тактикасы
1. Дәрігерді шақыру
2. Сырқаттың көңілін жайландыру, пациентті ыңғайлы кейіпте отырғызу
3. Қан қысымын (ҚҚ) өлшеу, жүрек жиырылу жиілігін (ЖЖЖ) санау
4. Тілінің астына 0,0005 г нитроглицерин таблеткасын немесе аэрозоль (1 рет басу) беру. Препаратты қайта қабылдау ықпал болмағанда 3 минуттен соң, ҚҚ мен ЖЖЖ бақылауымен 3 рет
5. Корвалол немесе валокордин (25-35 тамшы) немесе 25 тамшы валерьяна тұнбасын беру
6. Жүрек аумағына қыша қою
7. 100% ылғалды оттегі беру
8. Тамыр соғысы мен ҚҚ бақылау
9. Электрокардиограмма (ЭКГ) түсіру
10. Жүректегі ауыру сақталғанда 0,25 г аспирин беру, оны тез шайнату.
Сондай-ақ пациенттің физикалық және эмоционалдық жүктемесін азайту, пациенттің жай-күйін қадағалау шаралары атқарылады. Мейірбикелік шаралардың нәтижесінде ауыру сезімдерінің толық жоғалуына қол жетеді.

Гулжан Ибрашевна ТЛЕУКУЛОВА,
«Амбулаториялық-емханалық қызметі бар» Арал аудандық орталық ауруханасына қарасты “Қызылжар” дәрігерлік амбулаториясы
Арал ауданы

Сурет www.ja-zdorov.ru сайтынан алынды

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (21.01.2015)
Просмотров: 879 | Теги: ЖЖЖ, ЖИК, ҚҚ, гулжан, экг, тлеукулова, стенокардия | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]