Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Спайстардың немесе шегу қоспаларының зияны

Спайс – бұл жастар арасында кеңінен танымал шегу қоспасының атауы. Мұндай қоспалардың құрамына кіретін компоненттерге ресми тиым салынғанымен, көбісі оны босаңсу мен ләззат алудың қауіпсіз әдісі деп есептейді.
Алайда өсімдіктік және жасанды тегі бар көптеген психикалық белсенді заттарды (ПБЗ) бойында ұстайтын бұл қоспалар мыңдаған жастарды толыққанды өмірлерінен айырады.
Көптеген интернет-сайттар спайстың шынайы бет-бейнесін жасырып, оны  ашық саудалаумен айналысуда.
Шегу қоспасының әсер етуші заттары адам организміне өкпе арқылы шегу кезіндегі түтінмен бірге түседі. Спайстың құрамында марихуанаға ұқсас, бірақ одан көптеген есе күшті синтетикалық каннабиноидтар бар. Оған қоса сананы өзгертетін көгілдір лотос, көріпкелдің жалбызы, гавая раушан гүлі және т.б. сияқты өсімдіктер қосылады.
Спайсты шеккенде химиялық және қауіпті өсімдік заттардың әсер етпейтін бірде-бір ағзасы қалмайды. Ең бірінші соққыны бауыр алады. Мидың зақымдануы спайстың анық білінетін зиянының көрсеткіші. Бүйректерде склероз пайда болып, жыныстық ағзаларда либидоның сөнуі мен потенцияның төмендеуі болады.
Психикалық жай-күй өзгеріп, қозғалыстық қозу, галлюцинациялар түріндегі асқынулар байқалады.     

Нургуль Жаксыбаевна БАЗАРОВА,
мейірбике,
№4 наркологиялық бөлімше,
“облыстық наркологиялық орталығы” ШЖҚ МКК

Сурет gazetahimik.ru сайтынан алынды

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (05.04.2015)
Просмотров: 1192 | Теги: зиянды әсерлері, базарова, нургуль, спайс | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]