Созылмалы жүрек тапшылығы (СЖТ) – бұл қан тамырлық-жүректік жүйенің ағзалар мен тіндерге қан мен оттегінің қажетті көлемін қамтамасыз етпейтін патологиялық жағдай. Ол алдымен қан айналу жүйесіне жоғары талап қойылғанда (физикалық және эмоционалдық жүктеме), кейін тыныш кезде де білінеді.
Қанның іркіліс жағдайлары негізінен жүректе, өкпеде, бауырда, бүйректе байқалады.
СЖТ-ның негізгі себептері:
- миокардтың зақымдануы (миокардиттер, жүректің ишемиялық ауруы);
- жүрек бұлшықетінің қысыммен зорығуы (систоликалық зорығу), артериалды гипертензия, аорталды стеноз, өкпе артериясының тарылуы;
- жүрек бұлшықетінің көлеммен зорығуы (сол қарыншаның диастоликалық зорығуы), қарыншааралық перденің ақауы, ашық артериялық түтік, аорталдық немесе митралдық регургитация.
Жүректік тапшылықтың симптомдары:
- ентігу;
- әлсіздік;
- ісіктер;
- шөлдеу;
- кахексия;
- қақырықпен бірге жөтел;
- никтурия.
Созылмалы жүрек тапшылығын емдеуде оған жетелеген негізгі кеселді емдеу мен хирургиялық ем қолданылады.
Науқасқа оңтайлы емдік режім, емдік тағамдану (№10 және №10а диетасы) тағайындалады, миокардтың жиырылу қабілетін күшейту үшін жүректік гликозидтер беріледі. Емдеуде гликозидтік емес инотроптық бұйымдар (допамин), зәр айдаушы бұйымдар (фуросемид, урегит), шеткі вазодилататорлар (нитроглицерин, нитросорбид, АПФ ингибиторлары) қолданылады.
Сырқатқа оңтайлы оттегілік режім, емдік дене шынықтыру және массаж тағайындалады.
Аида Женисовна АБДИХАЛЫКОВА,
мейірбике,
“Достармед-Line” клиникасы ЖШС
Сурет www.lvrach.ru сайтынан алынды
|