Созылмалы гастрит – бұл асқазанның шырышты қабығының қабынуының нәтижесінде дамитын патологиялық жағдай. Мұнда қабынумен қатар дистрофиялық өзгерістер де байқалады.
Мейірбикелік күтім
- мұндай сырқаттардың емін емханада жүргізеді, өйткені олар толықтай еңбек етуге қабілетті;
- шылым шегуге және алкоголь қабылдауға қатаң тиым салынады;
- тағамданудың дұрыс режімін және сәйкесінше диетаны сақтау;
- емдеуші дәрігер нұсқаған дәрілік препараттарды дер кезінде және толыққанды қабылдауын қадағалау;
- асқазан сөлінің төмендеген секрециясы бар созылмалы гастритке шалдыққан науқастар диспансерлік есепке алынады. Мұндай науқастарға жылына бір рет қарынның гастроскопиясы немесе рентгенологиялық зерттеуі жүргізіледі;
- емдік шаралар кешеніне физиотерапиялық процедуралар қосылады (балшықпен емдеу, диатермия, электрлік және гидротерапия);
- терең және толыққанды ұйқымен, үйде және жұмыста жағымды жағдайды қамтамасыз ету;
- организмді шынықтыру, дене шынықтырумен және спортпен шұғылдану;
- дер кезінде ауыз қуысының санациясын жүргізу, тістерді емдеу және протездеу.
Анар Кодаровна БАЙНАКАТОВА,
терапиялық кабинет мейірбикесі,
“Амбулаториялық-емханалық қызметі бар
Жалағаш аудандық ауруханасы” ШЖҚ МКК,
Жалағаш ауданы
Сурет health.wild-mistress.ru сайтынан алынды
|