Созылмалы гастрит – қарынның шырышты қабығының қабыну нәтижесiнде дамитын патологиялық жағдай. Бұл кеселдiң дамуына мына факторлар әсер етедi:
- Тағамдану сапасының бұзылуы (төменгi сападағы және қорытылуы қиын асты тұтыну);
- Тағамда ақуыздың, темiрдiң, дәрумендердiң тапшылығы;
- Алкогольдi шектен тыс тұтыну;
- Темекi тарту және т.б;
Сөлдiң бөлiнуi төмен созылмалы гастритте науқаста тәбет төмендеуi, ауыздағы жағымсыз дәм, жүрек айнуы түрiндегi диспесиялық бұзылыстар, ас iшкеннен кейiн эпигастралды аумақтағы ауыру, iш өтуге бейiмдiлiк, дене массасының азаюы тән. Сөл бөлiнуi жоғары сырқаттарда асқазан қыжылы, қышқылмен кекiру, эпигастралды аумақта ашу және кернеу сезiмi болады.
Мейiрбикелiк күтiм
1. Дұрыс тағамдану режiмi мен сәйкесiнше диетаны сақтау.
2. Дәрiгер тағайындаған дәрi-дәрмектердi науқастың дер кезiнде және толыққанды қабылдауын қадағалау.
3. Темекi тартуға және алкогольдi iшiмдiктi қабылдауға мүлдем тиым салу.
4. Терең және толыққанды ұйқыны қамтамасыз етудi, үйде және жұмыста жағымды жағдайды жасауды қарастыру.
5. Сырқатты дене шынықтырумен және спортпен айналысуға үгiттеу.
6. Ауыз қуысын дер кезiнде санациялауға кеңес беру.
Бота Айтуғановна ЖУМАГУЛОВА,
кезекші мейірбике,
“Казлепрозорий” ММ
Сурет bonapetite.ru сайтынан алынды
|