Созылмалы энтериттің негізгі білінісі ішектің босатылуының бұзылысы. Бұл көбіне диарея (іш өту) түрінде білінеді.
Стул әдетте тәулігіне 3-4 рет, мол күйде болады. Өйткені аш ішектегі қорыту мен сіңудің бұзылуы тоқ ішекке түсетін қорытылмаған тағамның көлемінің елеулі артуына жетелейді.
Созылмалы энтеритте дефекацияға шақырыс тамақ ішкеннен соңғы 20-30 минутте пайда болады және іштегі күшті шұрылдаумен бірге өтеді. Қайта қалпына келмеген билирубиннің және майдың үлкен санының қатысуына байланысты нәжістің түсі сары болады.
Созылмалы энтериті бар науқастардың шағымдары:
- кіндік аумағындағы ауыру;
- метеоризм;
- іштегі шұрылдау;
- жүдеу;
- әлсіздік;
- тез шаршау;
- терінің құрғауы;
- тырнақтардың сынуы;
- шаштың түсуі.
Гүлнар Рахменбердіқызы НУРМАГАМБЕТОВА,
жалпы тәжірибелік мейірбике,
“№5 қалалық емхана” ШЖҚ МКК
Сурет www.syl.ru сайтынан алынды
|