Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


СОЗЫЛМАЛЫ БҮЙРЕК ТАПШЫЛЫҒЫ (СБТ)

Созылмалы бүйрек тапшылығы (СБТ) бүйректің организмнің ішкі ортасын демеуі, ұстап тұруы бойынша қызметінің төмендеуімен бірге функционалдық дәрменсіздігінің патологиялық синдромы.
Бұл нефронның және бүйрек өзегінің үдемелі өлуі нәтижесінде көптеген кеселдерде пайда болады. СБТ бүйректің түрлі кеселдерінің дамуының соңғы сатысы болып табылады. СБТ-мен аяқталатын 50-ден астам дерт түрі белгілі. Адамның өмірі негізгі кеселдің сипатымен анықталады.
СБТ-ның себептерінің арасында бірінші орынды – созылмалы гломерулонефрит (СГН), созылмалы пиелонефрит (СПН), диабеттік гломерулосклероз, гипертониялық дерт (ГД) және с.с. иеленеді.
Пациенттер сылбыр, баяу қозғалады, апатиялы, маужыраулы, теріс құрғақ, тері қышуы пайда болады, беті ісіңкі. Сүйектің зақымдануы өтеді, деминерализацияға байланысты қаңқа өзгереді (остеопороз).
Анорексия, жүрек айнуы, құсу, ауыздың құрғауы мен жағымсыз дәм, шөлдеу туындайды.
СБТ-ның ағымында үш саты ажыратылады: латенттік, азотемиялық және уремиялық.    

Айсулу Сергеевна ТУЛЕМИСОВА,
мейірбике,
нефрология бөлімшесі,
облыстық медицина орталығы

Сурет www.medicalj.ru сайтынан алынды

 

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (03.04.2015)
Просмотров: 882 | Теги: спн, СГН, СБТ, тулемисова, Гд, айсулу | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]