Созылмалы бронхит (СБ) өз асқынуларымен қауіпті. Өкпенің созылмалы ерекшеліктік емес кеселдерінің арасында мүгедектікке шығудың себебі ретінде созылмалы бронхиттің үлесі 42,4%-ке тең.
СБ-тің барлық асқынуларын екі топқа бөлуге болады:
1) жұқпаға (инфекцияға) тікелей қатысты және
2) бронхитің эволюциясымен (өсуімен) сабақтас.
СБ-тің жұқпаға қатысты асқынулары: өкпе қабынуы (пневмония), бронхоэктаздар, бронхоспастикалық (бронхтық обструктивтік) компонент, аллергиялық (астматикалық) компонент.
Бронх эволюциясына байланысты СБ асқынулары: қан түкіру, қан тастау, өкпе эмфиземасы, диффузды (шашыраңқы) пневмосклероз, тыныс алу тапшылығы (ТАТ), өкпелік жүрек (сирек).
Созылмалы обструктивтік бронхиттің (СОБ) ең өтіскен елеулі дәрежесі – бұл өкпенің созылмалы обструктивтік кеселі (ӨСОК). Ал оның ауыр асқынулары газ алмасудың тез үдемелі бұзылыстарымен және жедел тыныс алу мен зат алмасу бұзылыстарының дамуымен бірге өтетін жедел тыныс алу тапшылығы.
Бибанар Сагимбаевна ТАНСЫКБАЕВА,
мейірбике,
“Аманкелді” бөлімшесі,
“Амбулаториялық-емханалық қызметі бар
Сырдария аудандық ауруханасы” ШЖҚ МКК,
Сырдария ауданы
Сурет www.ru.flavamed.uz сайтынан алынды
|