Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Создың (гонореяның) профилактикасы

Дүниежүзілік денсаулық сақтау Ұйымының (ДДСҰ) деректеріне сәйкес әлемде жылма-жыл гонококктық жұқпаны 200 миллионға жуық адам жұқтырып алады. Соз жағымсыз, салыстырмалы түрде жеңілдеу жергілікті инфекция болып есептелгенімен, алайда дер кезінде емделмесе, оның зардабы аса ауыр болып келеді.
Гонококктық жұқпа алғаш енген орнынан – гениталийден басқа ағзалар мен жүйелерге тез тарайды, ақыр соңында кейде буындардың, бауырдың, жүректің, мидың зақымдануына әкеліп, кейде соқырлыққа (создың конъюктивтік оқиғасында), белсіздікке (импотенцияға) және бедеуліккке жетелейді.
Сондықтан гонококктық инфекцияның профилактикасы аса маңызды.
Созды жұқтырудан сақтанудың негізгі тәсілі – контрацепция. Бұл мақсатта мүшеқап қолданылады.
Гонореяның алдын алу үшін мыналар есте болуы тиіс:
- мүшеқапты қолдану;
- секспен тек тұрақты сенімді серіктеспен айналысу;
- қорғаныссыз жыныстық акттен соң міндетті түрде венеролог дәрігерге көріну.
Создың зардаптары әйелде де, еркекте де болады. Гонорея әсіресе балаларға қауіпті. Ең алдымен олардың көзі зақымданады. Көз тіндерінің зақымдануының салдары жанарды жоғалту болуы мүмкін.    

Меруерт Нурлановна УРКИМБАЕВА,
мейірбике,
“облыстық тері-венерологиялық диспансер” ШЖҚ МКК

 
Сурет nebolet.com сайтынан алынды

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (01.07.2015)
Просмотров: 992 | Теги: уркимбаева, соз (гонорея), алдын алу, Меруерт | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]