Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Создағы (гонореядағы) мейірбикелік үдеріс

Созда пациенттің мынадай қажеттіліктері қанағаттандырудың бұзылуы мүмкін:
- сыртқа зәр бөлу (уретритке байланысты және әсіресе гонореяның асқынуларында: простатитте, циститте, уретраның тарылуында);
- дене қызуын ұстап тұру;
- жағдайын ұстап тұру, қозғалу.
Жедел создағы мейірбикелік диагноздардың мысалдары:
- уретрадағы қышу, ашып ауыру
- уретрадан іріңді бөліністердің шығуы
- несепке шыққандағы тіліп ауыру
- ауыртпалы түнгі эрекциялар
- қызба
- уыттану нәтижесіндегі тәбетті жоғалту, дел-салдық
- асқынудың даму тәуекелі
- пациенттегі өз кеселі туралы білімінің тапшылығы
- әлеуметтік оқшаулану.
Мейірбикенің пациент проблемаларын шешуге қатысуы: пациенттің өз кеселіне сәйкес палатаға жатуын қамтамасыз етеді; пациентке төсек режімін сақтау қажеттігін айтады; пациенттің іш киімін, төсек-орнын күнделікті ауыстырылуын қамтамасыз етеді; пациентті жеке гигиена ережелеріне үйретеді; дәрігердің нұсқауларын ыждағатты орындайды.
Создың алдын алу мақсатында мынадай шаралар атқарылады: диагноз қойылғаннан бастап науқасты ауруханаға жатқызу немесе дер кезінде амбулаториялық ем алуын ұйымдастыру, ауырған адаммен жыныстық және тұрмыстық контактта болғандарды міндетті тексеруді ұйымдастыру, пациент емін аяқтаған соң оны бақылау, балалар мекемесінің қызметкерлерін ұдайы тексеруге қатысу.    

Сәуле Сәбиболлқызы ӨСЕР,
жоғары санаттағы мейірбике,
тері-жіңішке аурулар бөлімі,
«Амбулаториялық-емханалық қызметі бар
Жаңақорған аудандық орталық ауруханасы» ШЖҚ МКК,
Жаңақорған ауданы
 

Сурет nebolet.com сайтынан алынды

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (16.08.2015)
Просмотров: 767 | Теги: мейірбикелік үдеріс, өсер, сәуле, соз | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]