Тыныс алу ағзалары барлық шылымқорларда зақымданады, өйткені олар темекінің түтінмен тығыз контактта болады.
Ең алдымен 37 градустан жоғары темекінің түтінін жұту тыныс алу жолдарының қан тамырларының түйілуін (спазмын) және қорғаныс реакциясы ретінде – кілегейдің жоғары түзілуін шақырады.
Одан басқа түтіндегі қатты бөліктер шырышты қабықтың бетін зақымдайды, нәтижесінде жөтел пайда болады.
Темекінің созылмалы бронхитті, бронхиалды астманы шақыратыны айқын және бұл толығымен дәлелденген.
Темекінің түтінін жұтқанда бронхтың бетінде орналасқан өзінің қозғалысымен тыныс алу жолдарынан барлық бөлшектерді және микробтарды қуатын кірпікшелердің қызметі бұзылады. Нәтижесінде темекі түтінінің зиянды құрамдас бөліктері мен микробтар бронхтарға жиналады, үркіліс, қабыну аймақтары түзеліп, оның ішінде туберкулезге қолайлы жағдайлар жасалады.
Ауыру қауіпі темекі тартудың мөлшеріне ғана емес, сонымен қатар шылым шегу өтіліне де байланысты болады. Ұзақ уақыт шылымқорлықтағы тыныс алу жүйесінде туындайтын өзгерістер өз кезегінде басқа ауыр дертке - өкпе туберкулезіне жетелейтін созылмалы бронхиттің дамуына жағдай жасайды.
Өкпе туберкулезінің тіпті кіші формаларындағы шылым шегу кеселді ерте анықтауды қиындатады және оның үдеуіне ықпал етеді. Өкпе туберкулезінің өтіскен түрлерінің ең жоғары пайызы шылымқорлардан анықталады.
Шылым шегетін адамдардың организмінің түрлі жұқпалы ауруларға қарсылық көрсетуі иммундық жүйенің зақымдануына байланысты елеулі төмендеген. Темекі түтінінің әсерінен тыныс алу жүйесінде өкпе туберкулезінің туындауына, оның асқынуына және жағымсыз ағымының пайда болуына жәрдемдесетін терең патологиялық өзгерістер орын алады.
Шылымқорлардағы созылмалы бронхит өкпе туберкулезіне қолайлы фон болып табылады.
Құттыбике Тұрсынқызы НИЯЗ,
мейірбике,
диспансерлік бөлім,
Қазалы аудандық туберкулезге қарсы диспансер,
Әйтеке би кенті,
Қазалы ауданы
Сурет udoktora.net сайтынан алынды
|