Семіздіктің бірінші реттік алдын алу шараларына тағамдық глюкозаның метаболикалық қайта құрылу үдерістерін ынталандыратын денелік белсенділікті адекватты арттыру болып табылады.
Семіздіктің екінші реттік профилактикасы емдеуші дәрігердің белсенді көңіл қоюын және қатысуын талап етеді.
Профилактиканың міндетті шараларына мыналар жатады:
1. Дене массасын ұдайы бағалау. Арнайы индексті есептеу.
2. Тағамдану мен тағамдық әдеттер сипатын бағалау.
3. Пациенттің өмір салтын және қозғалыс белсенділігін бағалау.
4. Режімді қалыпқа келтіру, толыққанды ұйқымен қамтамасыз ету.
5. Салмақтың шамадан тыс артуының қауіптілігі мен зияны туралы ақпараттандыру және оның қосымша соматикалық кеселдерді шақыру қауіпі туралы сақтандыру.
6. Дәрігерде жылма-жыл диспансерлік тексеруден өтіп және бақылауда болу.
Гүлнар Рахменбердіқызы НУРМАГАМБЕТОВА,
жалпы тәжірибелік мейірбике,
“№5 қалалық емхана” ШЖҚ МКК
Сурет kataloglina.ru сайтынан алынды
|