Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Семіздік туралы

Семіздік гипоталамдық-гипофизарлық кесел болып табылады. Бұл кезде түрлі дәрежедегі гипоталамдық, гормоналдық бұзылыстар орын алады. Нәтижесінде пациенттің мінез-құлықтық, әсіресе тағамдық реакциялары өзгереді. 
Семіздіктің алиментарлық-контитуциялық, гипоталамдық және эндокриндік түрлері болады.
Алиментарлық-конституциялық семіздік отбасылық сипат иеленеді. 
Гипоталамдық семіздік гипоталамдық функциялардың бұзылуы нәтижесінде туындайды. Эндокриндік семіздік эндокриндік бездердің бірінші реттік патологияларының симптомдарының бірі болып табылады: гиперкортицизм, гипотиреоз, гипогонадизм.
Семіздіктің барлық формаларына ортақ белгі дене массасының шамадан артық болуы. Семіздіктің төрт дәрежесі және кеселдің екі сатысы – үдемелі және тұрақты ажыратылады.
Семіздіктің І-ші дәрежесінде нақты масса идеалдықтан 29%-тен астам артпайды; ІІ-ші дәрежеде – артық салмақ 30-40%-ті құрайды; ІІІ-ші дәрежеде – 50-99% және ІV дәрежеде нақты салмақ идеалдықтан 100% және одан да көп басым болады. Емін эндокринолог дәрігер жүргізеді. Денелік массаны төмендетуге бағытталған құрамында диетотерапия және емнің физикалық тәсілдері бар кешенді терапия атқарылады.  

Бибанар Сагимбаевна ТАНСЫКБАЕВА,
мейірбике,
“Аманкелді” бөлімшесі,
“Амбулаториялық-емханалық қызметі бар
Сырдария аудандық ауруханасы” ШЖҚ МКК,
Сырдария ауданы

Сурет www.kak-poxudet.ru сайтынан алынды

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (04.04.2015)
Просмотров: 1560 | Теги: бибанар, семіздік, формалары, тансыкбаева | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]