Мейірбикелік күтім ерекшеліктері:
- әдетте 3 тәуліктен аспайтын дерттің клиникалық біліністер кезеңіндегі төсек режімін сақтауын қадағалау;
- диарея мен құсу кезеңінде бөлінген сұйықтың есебін жүргізіп, барынша жайлылықты қамтамасыз ету (әрбір 2-4 сағат сайын бақылау);
- “цитроглюкосолан”, “регидрон”, “оролит” сияқты глюкозалық-тұздық ерітінділердің пероралды енгізілуін қамтамасыз ету;
- дәрігер нұсқаған дәрілерді мейірбике өзінің көзінше қабылдауын қадағалауы;
- пациенттің дерттің жедел кезеңінде Певзнер бойынша №4 стол, диарея тиылғаннан соң №13 стол диетасын сақтауын қамтамасыз ету;
- күнделікті мейірбикелік тексеру, пациенттің проблемаларын айқындау және тәуелсіз мейірбикелік араласу арқылы оларды шешу.
Сарсенкуль Нурбаевна УЛИЕВА,
мейірбике,
жұқпалы аурулар бөлімшесі,
“Амбулаториялық-емханалық қызметі бар
Жалағаш аудандық ауруханасы” ШЖҚ МКК,
Жалағаш ауданы
Сурет www.medpunkt.org сайтынан алынды
|