Сәбилерге массаж профилактикалық, гигиеналық мақсатта, сондай-ақ денсаулық жай-күйінде немесе денелік дамуында қандай да бір ауытқу болғанда, омыртқаның қалыпты қызметі бұзылғанда, бұлшықеттер мен байламдық аппараттың анық білінетін әлсіреуінде, қарын-ішек жолдары әрекетінің бұзылысында және түрлі кеселдерді бастан өткергенде жасалады.
Массаж бала организміне жан-жақты әсер береді. Организмнің массажға реакциясы әр түрлі және ол қолданылатын амалдарға, әсер ету ұзақтығына байланысты болады. Мысалы, сипау, ысқылау – бұлшықеттерді босатады, ал ұрғылау, соққылау, шапаттау – бұлшықет тонусының артуын шақырады.
Массаждың әсерінен қан мен лимфа айналымы, зат алмасу үдерістері, метаболизм өнімдерін бөлу жеделдейді.
Теріге, бұлшықетке, байламдарға массаждық амалдарды қолданғанда түрлі ағзалар мен жүйелер тарапынан жауап реакция пайда болады. Бұлшықеттік жүйе мен ішкі ағзалардың функциясы, тегіс мускулатура арасында тығыз функционалдық байланыс бар.
Сондықтан массаж ас қорыту тракты тарапынан оңды реакция шақырады. Бұл әсіресе іш қатуында (метеоризмде) маңызды, жасалған массаждан соң газ жеңіл кетеді.
Массаж бұлшықет массасының өсуі мен дамуын ынталандырады, оңтайлы тонусты ұстап тұруға ықпал етеді, тері рецепторлары мен терең жатқан тіндердің өз бетінше тітіркендіргіші болып табылады. Баланың массажға елеулі үлкен сезімталдығы осымен түсіндіріледі. Баланың терісі нәзік, тегіс. Терінің капиллярлық торы күшті дамыған және массаждан соң қызару (гиперемия) тез пайда болады.
Гулмира Жунисбековна САРЫБАЕВА,
массаж кабинетінің мейірбикесі,
облыстық балалар ауруханасы
Сурет vk.com сайтынан алынды
|