Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


С вирустық гепатиті

ХХ ғасырдың 70-ші жылдары А және В гепатиттерінің қоздырғышы табылғанда вирустық гепатиттердің басқа түрлерінің бар екені анықталды. Оны А да емес, В да емес гепатиті деп атады.
1989 жылы бұл гепатиттің парентералды (қан арқылы) жұғатыны белгілі болды, оны С вирустық гепатиті деп белгіледі (СВГ).
С гепатитіне мыналар тән:
- диспепсиялық құбылыстар;
- сарғаю (барлық кезде бола бермейді);
- бауыр мен талақтың аздап ұлғаюы және қатаюы;
- зертханалық әдістермен анықталатын бауыр қызметінің (функциясының) бұзылуы.
Науқастарды оң қабырғалық астындағы ауырлық сезімі немесе ұйып ауыру, тәбетінің төмендеуі, ауыздағы ащы дәм, жүрек айнуы, кекіру, әлсіздік, жүдеу, қызба, терінің қышуы мазалайды.
Кейде мұрыннан қан кетуі мүмкін. Қатерсіз гепатиттің ағымының өте ұзақ болуы – 20 жылға дейін созылуы ықтимал. Қайталап соғуы, бауыр қатпасы (циррозы) сирек. Жиі рецидивтер цирроздың тез дамуына жетелейді.  

Гульмира Уткельбаевна ЕРГАЛИЕВА,
мейірбике,
облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы

Сурет www.7ya.ru сайтынан алынды

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (05.04.2015)
Просмотров: 925 | Теги: СВГ, гулмира, С вирустық гепатиті, ергалиева | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]