Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Ротавирустық жұқпалардағы мейірбикелік күтім

Ротавирустық жұқпа – жедел ішек инфекцияларының түрлерінің бірі. 
Мейірбикелік күтім ерекшеліктері:
- ротавирус дене темературасы 38оС болғанда өледі, сол себепті бұл деңгейден төмен температураны төмендетудің қажеті жоқ.
- ылғалды сүрту кезінде дененің телімдерінің арасында температураның ауытқуына жол бермей денені толық сүрту қажет. Одан соң аяғына жылы нәски кигізіледі. Жергілікті суыту жасалмайды. Өйткені ротавирустардың тірі қалу және көбею орындарының пайда болуы мүмкін.
- мейірбике өзінің көзінше науқастың дәрі ішуін қадағалайды. 
- іш ауырғанда абай болып, бұл туралы емдеуші дәрігерге мәлімдейді.
- сырқаттың тамақ рационынан сүт өнімдері алып тасталады. Бұлар – ротавирустың өсіп-өнуіне қолайлы орта болып табылады.
- сырқаттағы қызба кезінде және температура түскеннен кейін 1-2 күнде төсек режімін сақтауы бақыланады. Төсек пен науқас киімі дер кезінде ауыстырылып, төсекте қыртыс пен түйіншектің болмауы қадағаланады.  

Орынбасар Дайрабаевна КУРМАНБАЕВА,
мейірбике,
облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы

Сурет www.minibanda.ru сайтынан алынды

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (01.04.2015)
Просмотров: 719 | Теги: ротавирустық жұқпа, мейірбикелік күтім, курманбаева, орынбасар | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]