Ротавирустық гастроэнтерит адам ротавирусының қоздырғышы шақыратын жедел ішек инфекцияларының бір түрі.
Жұқпа көзі – ауру адам немесе дені сау вирус тасымалдаушы.
Берілудің негізгі механизмі – нәжістік-ауыздық (фекалды-оралды).
Берілу жолы – тағамдық. Балалар ұжымдарында ротавирустық жұқпа жедел диарея (іш өтуі) өршуін шақыруы мүмкін. Ротавирус асқазанның және аш ішектің шырышты қабығын зақымдау, гастроэнтерит шақырады. Ас қорыту жолының зақымдануы ас қорытылуын бұзып, күшті диареяның және организмнің сусыздануының пайда болуына жетелейді. Дерттің жасырын кезеңі 1-5 күн.
Кесел жедел басталады. Белгілері:
- іштегі ауыру (жедел, бүріп ауыру);
- құсу (тәулігіне 3-4 ретке дейін);
- дімкәстану;
- дене қызуының көтерілуі (38оС-ге дейін);
- іш өту (диарея), мол, сары түсті, өткір жағымсыз, қышқыл иісі бар;
- көз конъюктивасының қызаруы;
- көмейдің шырышты қабықтары мен таңдай доғаларының қызаруы.
Ротавирусық инфекцияның қауіптілігі күшті іш өту нәтижесіндегі организмнің сусыздануына байланысты.
Гулсара Хамитовна ЖАХАНОВА,
мейірбике,
балалар ішек аурулары бөлімшесі,
облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы
Сурет expectingbaby.ru сайтынан алынды
|