Ревматизмнің негізгі профилактикасы организмнің жұқпа (инфекция) бойынша қарсылық күшін нығайту, сондай-ақ оған қарсы күрес болып табылады.
Профилактиканың:
- бірінші реттік – дені сау адамдарды ревматизмнен сақтандыру бойынша шаралар жүйесі;
- екінші реттік – бұрын ревматизмнің шабуылын бастан кешірген адамдардағы шаралар жүйесі түрлері болады.
Бірінші реттік профилактикаға мүмкінігінше кеселдің дамуына ықпал ететін факторларды жою: әлеуметтік жағдайларын (тағамдану, тұрғын үй-тұрмыстық жағдайлары, еңбек ету мен тынығу режімін қалыпқа келтіру) және еңбек ету шарттарын жақсарту жатады.
Сондай-ақ бұған денені шынықтыру, созылмалы жұқпа ошақтарын санациялау (созылмалы тонзиллит, гайморит және басқалары) мен стрептококк шақырған дерттерді (баспа-ангина, созылмалы тонзиллитің асқынуы) дұрыс емдеу кіреді.
Екінші реттік профилактикада маусымдық немесе жыл бойына бициллинпрофилактика өткізіледі. Бұл үшін ревматизммен ауырып шыққан адамдар диспансерлік есепке алынады.
Екінші реттік профилактика сонымен қатар ревматизмді бойдан кешіргеннен кейін асқынулардың алдын алуға бағытталған.
Ревматизмнің рецидивін (қайталауын) болдырмау мақсатында науқастардың дер кезінде дәрігерге қаралып және бициллин дәрісін қабылдауы керек.
Митралды клапанға протез жасалғаннан кейін де ем тағайындалады. Оған қоса шипажайда емделу пайдалы.
Парида Сандибековна РАХМЕТОВА,
күндізгі стационар мейірбикесі,
“Мәдениет” бөлімшесі,
“Амбулаториялық-емханалық қызметі бар
Жалағаш аудандық ауруханасы” ШЖҚ МКК,
Жалағаш ауданы
Сурет stomgavrilova.by сайтынан алынды
|