Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Ревматизмі бар науқастарға мейірбикелік күтім

Ревматизмге шалдыққан сырқаттарға мейірбике күтім жасағанда мыналарды ескереді:
1. Төмендегі тақырыптарда сұхбат жүргізу;
– еңбек, тұрмыс, тынығу, тағамдану режімін сақтаудың маңызы;
– ревматизмнің белсенді фазасында қозғалыс режімінің ережелері;
– дәрілік препараттарды қабылдау шарттары;
– жүйелі бициллиндік дәрі-дәрмектік профилактиканың мәні;
– кардиоревматологиялық кабинетте кезең сайын тексерілудің маңызы;
2. Ревматизмге  қарсы терапияның жағымдылығына бақылау жасау және дәрілік терапияның асқынулары туралы белгі беретін симптомдарды (диспептикалық бұзылыстар, асқазандық-ішектік қан кетулер) дер кезінде анықтау;
3. Дәрі-дәрмектердің жүйелі қабылдауына бақылау жасау;
4. №10 диетаны сақтауға және туыстарының әкелетін сәлемдемелеріне бақылау жүргізу;
5. Артериалды қысымын (АҚ), тыныс қозғалысы жиілігін (ТҚЖ), тамыр соғысын, дене температурасын, дене массасын, тәуліктік диурезді қадағалау;
6. Ауыз қуысына, теріге шырышты қабықтарға күтімді жүзеге асыру, киім-кешегі мен төсек-орынын дер кезінде ауыстыру;
7. Пациентті және оның туысқандарын ревматизмдегі күтімге (өзіне күтімге) үйрету;
8. Дәрігер нұсқауларын мұқият және ыждағатты орындау.

Калдыгул Залиевна ДОСЕКОВА,
мейірбике,
“Мәдениет” бөлімшесі,
“Амбулаториялық-емханалық қызметі бар
Жалағаш аудандық ауруханасы” ШЖҚ МКК,
Жалағаш ауданы

Сурет ilive.com.ua сайтынан алынды

 

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (24.03.2015)
Просмотров: 1551 | Теги: калдыгул, мейірбикелік күтім, досекова, ревматизм | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]