Рентгеноскопия (синонимі сәулелендіру) – рентгенологиялық зерттеудің негізгі тәсілдерінің бірі. Бұл кезде зерттелетін нысанның суреті арнайы (флюоросцирлеуші) экранға түседі. Рентгеноскопияда зерттелуші экран мен рентген түтігінің арасында тұрады. Рентгеноскопияны әдетте жақсы қараңғыланған бөлмеде, сирек жағдайларда жарық бөлмеде криптоскоп көмегімен науқастың төсегінде атқарады.
Қазіргі заманғы рентгендік аппараттардың штативі көлденең де, тіке рентген сәулелерін жіберуге, науқасты қалаған кейіпте зерттеуге мүмкіндік береді. Көлденең кейіпте сәулелендіруді латероскопия деп атайды. Рентгеноскопия кезінде көздің қараңғылыққа толық үйренуі қажет. Рентгеноскопияны ең алдымен құрсақ және кеуде қуыстарында орналасқан ішкі ағзаларды рентгендік диагностикалау мақсатында қолданады. Кейде шолу түріндегі рентгеноскопияны сүйектердің жарақаттық зақымдануларында рентгеноскопия жасауға қажет аумақты анықтау үшін қолданады. Сәулелендіруді тек дәрігер жүргізеді. Рентген-лаборант рентгеноскопия үшін техникалық шарттарды сақтауды қамтамасыз етеді және дәрігердің талабы бойынша сәулелендіру режімінен сурет түсіру режіміне көшуге дайын болуы тиіс.
Гульмараш Ергалиевна АБДРАХМАНОВА,
рентген-лаборант,
“№5 қалалық емхана” ШЖҚ МКК
Сурет komzdrav-minsk.by сайтынан алынды
|