Қызамық пен қызылша – көптеген ортақ белгілер иеленетін жұқпалар. Қоздырғыштары – вирустар. Берілу жолы – ауалық-тамшылық. Клиникаға тән ерекшелік – бөртпе.
Қызылша ортаңғы құлақтың, өкпенің, трахеяның, бронхтардың, сондай-ақ ми қабықтарының қабынуы түріндегі асқынулармен қауіпті.
Қызылшадан тек осы кеселге қарсы екпе алып сақтануға болады. Ол 1 және 6 жаста жасалады. Қызылшаға қарсы вакцина жасау – бұл медицина ғылымының үлкен жеңісі.
Есте болсын! Егуден бас тартып, асқынулармен, бәлкім леталды нәтижемен аяқталуы мүмкін кеселді таңдайсыз.
Ал қызамық жүкті әйелдерге қауіпті. Екі қабат әйелге қызамық жұққанда вирусы анасына бала жолдасы арқылы ұрыққа беріліп, онда түрлі туа бітті ақаулар мен жүкті әйелде түсік (аборт), баланың өлі тууы сияқты асқынуларды шақырады. Балада көру, есіту, жүрек, бауыр, сүйек ағзаларының жатыр ішілік зақымдануы байқалады. Нәтижесінде бала соқыр, саңырау, жүрек ақауымен, ақыл-ой дамуының кідірісімен дүниеге келеді.
Сақтанудың жалғыз жолы – бұл вакцинация. Елімізде жоспарлы вакцинация 1, 6 және 15 жаста атқарылады.
Айымжан Қалабайқызы КӘРІБАЕВА,
мейірбике,
"Амбулаториялық-емханалық қызметi бар
Қармақшы аудандық орталық ауруханасы" ЖШҚ МКК
Жосалы қыстағы,
Қармақшы ауданы
Сурет olegmatveev.livejournal.com сайтынан алынды
|