Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Құрысудағы мейірбикелік көмек

Құрысу синдромы жиі кездеседі. Ол тоникалық, клоникалық немесе тонико-клоникалық құрысулармен білінеді.
Мейірбикелік көмек
- науқасты кездейсоқ жарақаттан және тілінің құлауынан сақтандыру үшін дұрыс жатқызу;
- денесін қысқан киімнен босату, жағасын ағытып, белбеуін шешу;
- таза ауа келуін қамтамасыз ету;
- егер құрысу баланың дене қызуының фонында болса, онда температура түсіретін дәрілер салу;
- сырқат тілін тістеп алмайтындай амалдар жасау;
- ауыз қуысын толған сілекейден, егер құсық болса, содан тазарту;
- дәрігер нұсқауымен құрысуға қарсы препараттарды (седуксен-реланиум, аминазин, магний сульфаты және с.с.) енгізу;
- науқастың жай-күйін динамикада бақылау;
- өмірлік маңызды өлшемдерін (жүрек соғу жиілігін, тыныс алу жиілігін, қан қысымын) қадағалау.

Сауле Капановна АБСАДЫКОВА,
анестезистка,
реанимациялық және анестезиологиялық бөлімше,
облыстық медицина орталығы

Сурет healthyjournal.ru300 × 193 сайтынан алынды

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (20.01.2015)
Просмотров: 873 | Теги: мейірбикелік көмек, құрысу, абсадыкова, сауле | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]