Құрысу синдромында қаңқалық мускулатураның еріксіз жиырылуы болады. Оның себептері – инъекциялық, токсикалық, жарақаттық, мидың ісіктік зақымдануы, ми қан айналысының бұзылуы, қояншық (эпилепсия), истерия.
Пайда болу жиілігі бойынша бірінші орында қояншықта туындайтын құрысу синдромы тұр. Қояншықтық (эпилептикалық) құрысу кенеттен дамиды. Науқас есінен айрылады және құлайды, бұл кезде оның жарақат алуы мүмкін. Терісі алдымен бозарады, одан соң көгереді. Сырқаттың тілін тістеуі, денесінің жарақаттануы, еріксіз зәр кетуі ықтимал. Ұстама ұзақтығы – бірнеше минутқа дейін. Ұстамадан соң науқас өзіне келеді және көбіне ұйықтап қалады.
Алғашқы медициналық көмектің мәні соғылудан қорғау, тыныс алуын жеңілдету, тілін тістеп алудан сақтандыру болып саналады. Тілді жарақаттан сақтау үшін күрек тістердің арасына мақта оралған ас қасық немесе ағаш зат қояды. Баланың астына соққыны жұмсартатын заттар (көрпеше, киім, сөмке) қойылады.
Қысқа мерзімді құрысулар қайталанса – «Жедел жәрдем» шақыру қажет.
Асия Сапабековна ИБРАЕВА,
шақыру фельдшері,
“Қызылорда қалалық дәрігерлік жедел жәрдем” стансасы
Сурет blogs.privet.ru сайтынан алынды
|