Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Құрөзек (дифтерия) кеселіндегі мейірбикелік күтім

Әсіресе көмей құрөзегінің уытты (токсикалық) және геморрагиялық формалары бар науқастарға күтім жасауда ауыз қуысының, жұтқыншақтың және мұрын жолдарының тазалығын реттеуге зор көңіл бөлу қажет.
Жиналып қалған некротикалық массалар, кілегейлер мен түзілген қабыршақтар ауыз шаю мен дезинфицирлеуші ерітінділерге батырылған мақталық тампондар арқылы тазартылады. Бірақ дифтериялық таспаларды жууға, сонымен қатар оларды механикалық жолмен – шпательмен немесе қысқышпен алып тастауға тырысуға болмайды. Өйткені бұл жергілікті үдерістің нашарлауына және жалпы токсикоздың күшеюіне жетелейді.
Жалған круп құбылысымен бірге кеңірдек дифтериясы бар сырқаттарға төсекте жартылай отыру кейіпі беріледі. ІІ-ші, сондай-ақ ІІІ-ші дәрежелі стеноздарда мұрын катетерлері немесе маска көмегімен оттегі жұтқызылады.
Егер науқасқа интубация немесе трахеотомия жасалса, тәжірибелі мейірбикенің оны көзден таса қылмауы тиіс. Сырқатты қозуға немесе мазасыздануға жетелеуі мүмкін заттардан оны қорғаштайды.
Егер түтік қою кілегеймен немесе маскамен бітелсе, науқастан құрқылдаған тыныс алу шуылы есітіледі. Мұндай жағдайда түтікті суырып алу, тазалау немесе мүлдем алып тастау керек. Көздің, құлақтың, жыныс ағзаларының, жараның құрөзегінде антибиотиктері бар тамшы мен жақпа майлар қолданылады.
Күтім жасау кезінде екінші медициналық халат киіп, дәкелік маскалар – респираторлар таққан жөн.         

Гульнара Абдукамаловна НУРУМБЕТОВА,
мейірбике,
бокс бөлімшесі,
облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы

Сурет www.medweb.ru сайтынан алынды

 

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (06.09.2015)
Просмотров: 1398 | Теги: гульнара, құрөзек (дифтерия), мейірбикелік күтім, нурумбетова | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]