Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Қояншық (эпилепсия) туралы

Қояншық (эпилепсия) – созылмалы дерт. Қояншықтан жапа шегетін науқастарды ұстамалар жиілегінде, кейбір психикалық ауытқуларда ауруханаға жатқызады. Дегенмен, олар өмірінің көп бөлігін үйде өткізеді. Әдетте сырқаттың туыстары дерттің қалай өтетінін жақсы біледі, өйткені сол бір ауру адамда ұстамалары бірдей.
Типтік жағдайда ұстама кенеттен болады. Науқастар шыңғырады және құлайды, басы бұрылады, беті көгеріп, көздері аударылады, есі тұманданып, құрысулар пайда болады. Кейде тілін тістейді, еріксіз зәр шығып кетуі мүмкін. Ұстаманың кейде ұйқы кезінде туындауы ықтимал, бұл кезде науқастар әдетте құламайды, ұстама керуетте дамиды. Әрине, ұстама кезінде керуеттен құлауы және елеулі жарақат алу қауіпі болады.
Ұстама кейде науқастың өміріне қауіпті жағдайда өтеді, сондықтан, ұстамадан жапа шегетін адамдардың бірінші қабаттан жоғары жерде терезе жууына, өзі жалғыз қалып үйде газ плитасында ас дайындауына болмайды.
Науқасқа тағайындаған құрысуға керек бұйымдарды мұқият, түгелдей қабылдаудың мәні зор.

Гульнар Бауыржановна ЖУНУСОВА,
мейірбике, №4 әйелдер бөлімшесі,
облыстық психоневрологиялық аурухана

Сурет vsyo-tut.ru сайтынан алынды

 

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (10.03.2015)
Просмотров: 1292 | Теги: қояншық (эпилепсия), қояншық ұстамасы, Жунусова, гульнар | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]