Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Қарын-ішек жолдарын эндоскопиялық тексеру

Пациенттерді эндоскопиялық тексеруге шарт бойынша терапевт немесе гастроэнтеролог жолдайды. Кейде науқастың өзі шағымына сүйеніп бұл тексеруден өз бетінше өтуге тілек білдіреді. Қазіргі заманғы стандарт бойынша ас қорыту жолдарының эзофагогастродуоденалдық скопиясынан (ЭГДС) жылына 1 реттен кем емес, колоноскопиядан (ішекті тексеруден) 3 жылда 1 рет өту керек. Егер пациенттің жасы 40-тан асса, эндоскопиялық нақтылану (диагностика) диспансерлеу элементі ретінде жүргізілуі тиіс. Осындай тұрақты зерттеулер нәтижесінде ас қорыту жолдарының қатерсіз және қатерлі ісіктері ерте сатыларында анықталады. Оған қоса эндоскоптың көмегімен ағзаны сақтай отырып, ісікті алып тастауға болады. Әрине, мұнда өтіскен формаларын емдеумен салыстырғанда сауығу пайызы анағұрлым жоғары болады.
Құрсақ қуысындағы жайсыздық (дискомфорт), ас қабылдаумен сабақтас жағымсыз сезімдер, асқазан қыжылы, кекіру, стулдың бұзылуы, нәжістегі патологиялық қоспалар (қан, кілегей, ірің) жоспардан тыс эндоксопиялық тексеру үшін негіз бола алады.     

 
Дуйсенкул Мунайтбасовна АГИМБАЕВА,
эндоскопиялық кабинет мейірбикесі,
«облыстық онкологиялық орталық» МКҚК
 

Суретstomachum.ru сайтынан алынды

 

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (03.04.2015)
Просмотров: 1351 | Теги: ЭГДС, дуйсенкул, агимбаева, эндоскопия | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]