Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Қант диабетінің алдын алу

Қант диабетінің (сусамырдың) алдына алуды мүмкіндігінше ерте бастаған жөн. Ересек адамның өз өмір шарттарын және әдеттерін, тағамдануын өз бетінше қадағалауы тиіс. Балалар бұл бағытта ата-аналарының басшылығымен әрекет етуі керек.
Алайда диабеттен толық арылу мүмкін емес. Сол үшін алдын алу тиімдірек.
Сулық тепе-теңдік.
Көбіне қант диабетінің кез келген түрінің профилактикасында тағамданудың дұрыс жүйесіне жете мән беріледі, алайда бұл онша дұрыс емес. Ең алдымен организмде сулық тепе-теңдікті демеп отыру керек. Жәй ғана ереже бар: таңертең және тамақ ішер алында бір стақан су ішу. Бұл қажетті минимум. Газдалған сусын, кофе, шәй, шырын, сыра судың орнын баса алмайды, өйткені олар торша (клетка) үшін су емес, тағам.
Сау диета.
Дерт даму қауіпі жеңіл қортылатын көмірсуларда. Диабеттің алдын алудағы мүлтіксіз нұсқа тәулігіне аздаған мөлшерде 5-6 рет үзіп тамақтану. Өз рационыңызға қырыққабат, қант қызылшасы, сәбіз, шалқан, болгар бұрышы, цитрусты қосу пайдалы.
Дене белсенділігі.
Ұдайы дене жүктемелері қант диабетінің алдын алудың ықпалды тәсілдері. Тәулігіне тым болмаса жарты сағат спорттың кез келген түрімен айналысыңыз. Баспалдақпен жоғары көтерілу, серуендеу, балалармен бірге белсенді ойындар ойнау қолдан келетін тірліктер.
Стресстен қашу.
Теріс пиғылды адамдармен жұғысудан бойды алыс ұстаңыз. Егер бұл мүмкін болмаса, өзіңізді қадағалаңыз және байыптылық сақтаңыз. Бұған аутотренинг және мамандармен кеңесу жәрдем береді.
Қант диабеті бойынша бойыңызда күдік туындаса дәрігерден кеңес алыңыз.  

Жанар Советовна СЕРЖАНОВА,
фельдшер,
“Амбулаториялық емханалық қызметі бар
Арал аудандық орталық ауруханасы” ШЖҚ МКК,
“Қосаман” дәрігерлік бекеті,
Арал ауданы

Сурет vseotmine.ru сайтынан алынды

 

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (17.09.2014)
Просмотров: 2091 | Теги: сусамыр, сулық тепе-теңдік, қант диабеті, Жанар, сержанова | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]