Сусамыр, яғни қант диабетi эндокриндi зат айналымы жүйесiнiң ауруы.
Оның негiзiнде абсолюттi және бiршама инсулин тапшылығы жатады. Инсулин – ұйқы безi жасушаларынан бөлiнетiн гормон.
Қант диабетi кеселi әлем бойынша жүрек-қан тамыр аурулары мен онкологиялық аурулардан кейiнгi үшiншi орынды иеленедi.
Екiншi тұрпаттағы (типтегi) қант диабетi (“ересектер диабетi”) шамадан тыс салмақпен сипатталады – бұл адамдар диета сақтау арқылы және 1 тұрпаттағы қант диабетi секiлдi қан құрамындағы қантты төмендететiн таблеткалы препараттарды қабылдау арқылы емделедi.
Қант диабетiнде қан құрамындағы глюкозаның мөлшерi (қалыпты жағдайда 3,5-5,5 ммоль/л) көтерiледi.
Қант диабетiнiң белгiлерi: қандағы қант мөлшерiнiң жоғарылауынан шөлдеу, ауыздың құрғауы, жиi кіші дәретке шығу, терi құрғауы, терiнiң және кiлегей қабаттың қышуы, денедегi жаралардың жазылып болмауы, әлсiздiк, делсалдық. Егер қандағы қант өте жоғарылап кетсе, диабеттiк команың болуы мүмкiн, яғни адам естен танып қалады. Сондықтан қандағы қант мөлшерiн ұдайы қадағалап отыру керек.
Диабеттен толық айығу мүмкiн емес, дегенмен диабетпен көп жылдар бойы толыққанды өмiр сүруге болады. Бұл дәрiгер мен науқас тарапынан қажырлы еңбектi талап етедi. Сырқаттарға емханада ашылған “Диабет мектебiнде” оқып үйренудiң пайдасы зор.
Анаркул Махметхановна ЖАРМАХАНОВА,
мейірбике,
ересектерге кеңес беру бөлімшесі,
облыстық кеңес беру-диагностикалық орталығы
Сурет saharniy-diabet.com сайтынан алынды
|