Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Қаназдықтың (анемияның) себептері

Қаназдық (анемия) – бұл қандағы гемоглобиннің жалпы санының азаюы. Ол жедел қан жоғалтудан басқа кезде қан көлемінің бірлігіндегі гемоглобин деңгейінің төмендеуімен сипатталады.
Көп жағдайда анемия кезінде қандағы эритроциттердің деңгейі де төмендейді. Алайда теміртапшылық жағдайларында, порфириндердің синтезінің бұзылуына байланысты қаназдықта, талассемияда қандағы эритроциттердің мөлшерінің гемоглобиннің төменгі жағдайында қалыпты болуы мүмкін (талассемияларда кейде жоғары болады).
Қаназдықтың мол қан жоғалтумен, қызыл сүйек майы функциясының төмендеуімен, организмге қан түзеу үдерісі үшін қажет заттардың, атап айтқанда цианкобаламиннің немесе темірдің жеткіліксіз түсуімен, сондай-ақ сүйек майына жұқпалық-уыттық әсерге байланысты болуы ықтимал.
Қанның түсті көрсеткіші бойынша гипохромдық және гиперхромдық анемия ажыратылады. Гиперхромдық анемия қанның жоғары түсті көрсеткіштерімен сипатталады (1,2-ден артық). Гипохромдық анемияда қандағы гемоглобиннің саны эритроциттердің санына қарағанда азырақ дәрежеде төмендейді (гемоглобин 0,9-дан аз).
Қаназдық әрқашан екінші реттік, яғни қандай да бір жалпы дерттің симптомдарының бірі болып табылады. Анемияның жиі кездесетін және жеңіл нақтыланатын түрлерімен қатар өте сирек анемиялық синдромдар ұшырасады.   

Майра Ермекбаевна КОНАКБАЕВА,
№2 терапиялық аймақ мейірбикесі,
“№3 Қызылорда қалалық емхана” ШЖҚ МКК

Сурет vasi.net сайтынан алынды

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (27.06.2015)
Просмотров: 1055 | Теги: қаназдық (анемия), талассемия, конакбаева, майра | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]