
Донордың қан тапсырар алдында және таңертең майлы, етті және сүтті тағамнан, елеулі денелік жүктемелерден бас тартуы қажет. Қан тапсыруға түнгі кезекшіліктен соң келуге болмайды. Қан тапсырар алдында 3 сағат темекіден және 48 сағат алкогольден өзін тиюы керек.
Нан-бөлкелік өнімдермен бірге тәті шәй, шырын, газды сусын ішуге болады.
Қан орталығына келгенде өз денсаулық жағдайы мен өмір салты туралы анкета толтырылады. Одан соң донорды дәрігер-трансфузиолог тексеріп және саусағынан қанды лабораториялық зерттеуге алады (гемоглобин мөлшері мен қан тобы анықталады). Егер тексеру нәтижелері бойынша қарсылықтар анықталмаса, донор қан немесе плазма тапсыруға жіберіледі.
Қан берер алдында донорға пешенеймен немесе бөлкемен бірге ыстық тәтті шәй ұсынылады.
Тұтас қан тапсырғанда көктамырдан оның 450 мл алынады. Процедуралардың ұзақтығы 10-15 минут.
Акнур Конакбаевна АМАНТАЕВА,
мейірбике,
қан дайындау бөлімшесі,
облыстық қан орталығы
Сурет cheremuha.com сайтынан алынды
|