Қан кеселдері бірқатар жалпы симптомдармен сипатталады: әлсіздік, шаршау, бас айналу, денеге күш түскендегі ентігу, жүрек соғуы, еңбек ету қабілетінің төмендеуі.
Қызба – қан кеселдерінде көбіне субфебрилдік дене температурасы болады. Лейкозда лейкоциттердің ыдырауы жоғары келеді, лейкозы бар пациенттердегі көп терлеу, пирогендік әсер беретін пуриндік негіздердің мұндай кезде көбірек бөлінуімен сабақтас.
Лифогранулематозда қызба толқын тәріздес, біртіндеп (8-15 күн) көтеріледі және түседі.
Тері жамылғылары мен шырышты қабықтардың бозаруы анемияға куә бола алады.
Терінің қышуы: лимфогранулематоздағы азапты тері қышуы кеселдің клиникалық білінісіне дейінгі алғашқы белгісі болуы мүмкін. Тері қышуының эритремияда, созылмалы лимфолейкозда кездесуі ықтимал.
Көптеген қан кеселдерінде тәбет жоғалту мен жүдеу ұшырасады. Созылмалы лейкоздарда, лимфогранулематоздарда және басқаларында мұның кахексияға дейін байқалуы мүмкін.
В12-тапшылық анемияда тілдің ұшы мен оның шеттері ашып ауырады. Темір тапшылық қаназдықта (ТТҚА) тамақтың дәмі бұзылады (науқастар бор, көмір, топырақ жейді). Сондай-ақ иіс сезу өзгереді (бензинді, ацетонды және жағымсыз иісі бар басқа заттарды иіскейді).
Геморрагиялық синдром: геморрагиялық диатездерде қанау, қан кету байқалады; аздап соғып алудағы қан кету гемофилияға тән.
Сол қабырға астындағы ауыру – процеске талақтың тартылуын көрсетеді (лейкоздарда).
Терідегі трофикалық өзгерістер (шаштың жіңішкеруі, құрғауы, тырнақтардың сынуы) ТТҚА-да болады.
Сүйектердің сырқырауы лейкоздарда ұшырасады.
Мейірбике қан ауруларына шалдыққан науқастарда болатын дерттің осындай ерекшеліктік белгілеріне көңіл аударуы тиіс.
Гульзат Максутовна НИЯЗОВА,
мейірбике,
күндізгі стационар,
“Тоқабай” дәрігерлік амбулаториясы,
“Амбулаториялық-емханалық қызметі бар
Арал аудандық орталық ауруханасы” ШЖҚ МКК,
Арал ауданы
Сурет vitaportal.ru сайтынан алынды
|