Қан донорлығы – бұл ересек адамның өз қанын басқа мұқтаж адамға құю немесе медициналық препараттарға пайдалану үшін ерікті түрде тапсыруы. Донорлық – сауапты іс.
Қан құю көптеген кеселдерді емдеуде ең ықпалды тәсілдердің бірі болып есептеледі. Қан препараттары медицинаның барлық саласына қажет. Әлем бойынша күнделікті донор қанына миллиондаған адам мұқтаж. Қан құю көп қан жоғалтумен бірге жүретін елеулі жарақаттарда, жаралануларда және күюде, ауыр операцияларда, бала босануда, сүйек майын ауыстыруда, қан жұқпаланғанда қажет.
Донор қанына онкологиялық сырқаттар да мұқтаж. Қатерлі ісік торшаларын жойғанда қалыпты қан түзілуі уақытша бұзылады. Бұл сәтте пациентке донор қанының фракциялары, атап айтқанда тромбоциттер қажет болады. Тек керекті қан тобы бар донор ғана бұл кезде көмектесе алады.
Адамға донор қаны мен оның құрамдас бөліктерінің препараттарының өмір бойы қажет болатын кеселдер бар. Бірінші орында гемофилия, қан ұюының бұзылуы тұрады. Мұндай пациенттерге кішкене тілінудің өзі өлімге жетелейтіндей қауіп тудырады. Кішкене сызатқа байланысты мол қан кетуі мүмкін. Бұл кезде қосымша қан құюсыз мүлдем болмайды.
Сүйек майы өз қан торшаларын өндіруін тоқтатқандағы ауыр гематологиялық кеселдері бар науқастарға, дерт ауырлығына байланысты қан аптасына бір рет, кейде күнделікті қажет болады. Мұнда қан пайдасымен қоса, адам өмірін сақтауға көмектеседі.
Жумакуль Болатбековна САРИЕВА,
трансфузиологиялық кабинет мейірбикесі,
“Амбулаториялық-емханалық қызметі бар
Жалағаш аудандық ауруханасы” ШЖҚ МКК,
Жалағаш ауданы
Сурет donors.kz сайтынан алынды
|