Қақырық – бұл трахея мен бронхтың шырышты қабығында орналасқан арнайы бездердің жұмысының өнімі. Түрлі кеселдерде оның мөлшері, құрамы және сипаты өзгереді. Қақырықтан кеселдің қоздырғыштарын (туберкулез таяқшасы, зеңдер және с.с.), аллергияға куә болатын торшалық элементтерді (бронхиалдық астмадағы эозинофилия) және көптеген басқа нәрселерді аңғаруға болады. Қақырықты зерттеудің түрлі тәсілдері бар: жәй ғана цито және бактериоскопия, қақырықты стерилділікке себу және т.б.
Арнайы дайындықты қажет етпейді. Жүректің жиі қағуын шақырмас үшін зерттеу алдында кофені немесе қою шәйді ішпеу қажет.
Қақырықты арнайы ыдыста тапсырады. Алдын ала ауызды мұқият шайған жөн. Тісті тазалаудың қажеті жоқ, өйткені қызыл иектің қаны қақырықпен араласып, жалған нәтиже беруі мүмкін. Тек ауыз қуысының гигиенасынан соң ғана қақырықты жөтеліп, қақыруға болады.
Егер жөтел құрғақ болса немесе қақырық нашар қақырылса – оның орнына түкірікті тапсыру қауіпі бар. Мұны болдырмас үшін қақырықтың индукциясы жүргізіледі. Индуцирленген қақырықты алу үшін натрий хлоридінің гипертониялық ерітіндісі қолданылады.
Оны әдеттегі тәсілмен (ыстық тұздық ерітіндісі бар ыдыстың үстінен тыныстау) ингаляция жасайды. Онымен бірге небулайзер арқылы Лазолванды қолдануға болады.
Айман ЕНСЕПОВА,
лаборант,
“Қызылорда қалалық ауруханасы” ШЖҚ МКК
Сурет www.xn--80agpgbe6a9b8f.xn--p1ai сайтынан алынды
|