Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Псориазға шалдыққан науқастардағы мейірбикелік үдерістер


 
Әдеттегi жағдайда адам өз өзектi қажеттiлiктерiн өз бетiнше қанағаттандыруға қабiлеттi. Дертке шалдығуға немесе организмдегi басқа өзгерiстерге байланысты пациент өз тiршiлiгiнiң жайлы жағдайларын қамтамасыз ете алмайды. Бұл кезде мейiрбикелiк үдерiстi атқару маңызды болады.
Псориаз ең кең тараған созылмалы дерматоздардың бiрi болып есептеледi. Кеселдiң терiдегi бөртпелермен ғана бiлiнуi немесе буындардың зақымдануымен бiрге өтуi ықтимал. Типтiк жағдайларда кеселдiң басталуы 30-50 жасқа тура келедi. Псориаз өмiрдiң барлық аспекттерiн қамтиды: мансап, әлеуметтiк аумақ, жыныстық өмiр және отбасылық қатынас.
Бұл кеселде пайда болатын ауыру синдромы пациенттердiң кейбiреуiн жұмысын тастауға итермелейдi және торығулық жай-күйдiң дамуы ықтимал. Сырқаттардың басым бөлiгiнде психо-эмоционалдық бұзылыстар (депрессия және эмоционалдық лабилдiлiк) дамиды. Псориаздық бөртпелер көбiне қол-аяқтың жазылу бетiнде, әсiресе шынтақ, тiзе буындарында, бастың шаш бөлiгiнде орналасады.
Мейiрбикелiк үдерiс:
1. Пациенттiң проблемаларын пысықтау (физиологиялық, психологиялық және әлеуметтiк);
2. Сырқатқа мейiрбикелiк көмек көрсету ерекшелiктерiн анықтау;
3. Пациенттiң өз жеке жай-күйiн, кесел дәрежесiн қалай қабылдайтынына қарай жүргiзiлетiн күтiмнiң ықпалдылығын бағалау;
4. Асқынудың алдын алу шараларын құрастыру;
5. Өмiрлiк белсендiлiгiн, психикалық денсаулығын, әлеуметтiк қызмет етуiн зерделеу.

Сауле Ануаровна ТАЖМАГАМБЕТОВА,
мейірбике,
“облыстық тері-венерологиялық диспансер” ШЖҚ МКК

Сурет unionclinic.ru сайтынан алынды

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (06.04.2015)
Просмотров: 1008 | Теги: мейірбикелік үдеріс, псориаз, сауле, тажмагамбетова | Рейтинг: 1.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]